88entertainment
кинематографияға және Сізге деген
сүйіспеншілікпен түсірілген
Тимур Бактыбаев
Қазақстандық кинопродюсер, актер, бизнесмен, 88 entertainment компаниясының негізін қалаушы және директоры
история о том как тимур
пришел в
кино
биография
Жаңа көкжиектерді іздеп, Тимур ҚБТУ-ға (Қазақстан-Британ техникалық университеті) "Менеджмент" мамандығына түседі

Жасөспірім кезінде ол өзінің талантын музыкада көрсетіп, R&B стиліндегі "Daistart" тобының мүшесі болды.

2012 жылы университетті аяқтағаннан кейін Тимур Астанаға көшіп, Күләш Байсейітова атындағы опера театрында мемлекеттік сатып алу менеджері қызметін атқарады. Алайда, алты айдан кейін ол өзінің жолы бұл емес екенін түсінеді.


2017 жылы Тимур Алматыға көшіп келіп, шоу-бизнестегі шығармашылық жолының бастауы ретінде, "Newton" Q-pop тобына продюссерлік етеді. Екі жылдық табысты серіктестікке қарамастан, топ өкінішке орай ыдырап кетеді.
Осыдан кейін Тимур кинопродюсер ретінде өзінің киносын түсіру туралы ойлайды. Оның актер және продюсер болу арманы, сондай-ақ, Қазақстанда танымалдылыққа ие болу оның шығармашылық энергиясының негізгі қозғаушы күшіне айналады.
Тимур 1988 жылы 3 қыркүйекте Атырауда болашақ кәсіпкерлердің отбасында дүниеге келген.

Қаныш Сәтбаев атындағы №19 орта мектепте
1995-2004 жылдары оқыды, содан кейін Атырау политехникалық колледжін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша 2008 жылы қызыл дипломмен бітірді.
Фильмография
Актерлік карьерасының жарқын кезінде, оның ішінде Бүркітпен "Загадай желание" (2018) фильмінің эпизодына түскеннен кейін, Тимур Бақтыбаев 2018 жылы туған күнінің құрметіне "88 Entertainment" кинокомпаниясын құрды.
Ол 2019 жылдың қыркүйегінде продюсер ретінде бастаған алғашқы жоба, "Қазақпайская мечта" атты фильм болды. Кейін ол басты рөлде Жақан Утарғалиевпен бірге
"Любовь на миллион" фильміне айналды.

Тимур жобаға "Сағыз"командасының КВН капитаны Ернар Сақыповты шақырды. Сондай-ақ талантты актрисалар Гүлнара Сильбаева және Дина Тасболатова киноға түсті. Түсірілім Алматыда 20 күнде өтті, карантиндік шектеулерге қарамастан, фильм 2020 жылдың қазан айында кең экранға шықты.
Тимурдың келесі жұмыстарына ақпан айында түсірілген және сол жылдың желтоқсанында шыққан "Папа поневоле" (2020) фильмі кіреді.
Тимурдың келесі сәтті жобасы -
"Портье: Мальчик на побегушках" (2021).
Дәурен Серғазин, Жанат Байжанбаев,
Қуат Хамитов және Айжан Байзакова сияқты танымал актерлердің қатысуымен өтті.

Сонымен қатар бұл фильм карантиннен кейін қазақстандық фильмдер арасында рекорд орнатып, 1 миллион доллардан астам қаражат жинады.
Timuchin
Timuchin
Timuchin
Пандемия кезінде Тимур кинотеатрларға қолдау көрсетіп, 30% отыруға қарамастан фильмдерін көрсетілімге шығарды.
Тимур, жылына бір фильм шығаратын продюсердің стереотипінен алыс.

2022 жылдың ақпан айында төртінші жобасы, "Розыгрыш по-казахски" фильмі прокатқа шықты.
"Миссия выполнима" - Қазақстанда 2023 жылы түсірілген комедия. Фильм Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ерекше тәжірибесі туралы баяндайды. Фильмде басты рөлді қазақстандық актер Алмат Сакатов, оның серіктесінің рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова сомдады.

Фильм ауқымды болып шықты.
Кинода 30 мың адам жиналған үлкен стадионның кадрлары бар. Сондай-ақ, фильмде суперқаһарман стадионның үстінде тікұшақпен ұшады.
"Тимучин" - Қазақстанда экшн және комедия жанрында, Джеки Чан стилінде түсірілген алғашқы фильм. Бұл Тимур Бақтыбаевтың алтыншы фильмі. Тимур онда тек продюсер ғана емес, басты рөлді де өзі сомдаған. Фильмге түспес бұрын, Тимур қиын трюктерге дайындалу үшін 1 жыл таэквондо мен акробатикамен айналысқан.
Телефон: +7 775 340 3888
Gmail: 8t8.ent@gmail.com
байланыс
Made on
Tilda